Мазмұнға өту

Wildberries

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Wildberries
Түрі

жеке компания

Құрылды

2004

Құрушы

Татьяна Бакальчук
Владислав Бакальчук

Орналасуы

 Ресей, Мәскеу

Басты адамдары

Татьяна Бакальчук (бас директор)
Владислав Бакальчук (маркетинг және сатып алу)

Саласы

бөлшек сауда

Меншікті капиталы

1,7 млрд ₽ (2017)[1]

Айналым

▲ 1,67 трлн ₽ (2022)[2][3]

Операциялық кірісі

1,56 млрд ₽ (2017)[1]

Таза табыс

▼ 2,114 млрд ₽ (2020)[4]

Активтер

19,6 млрд ₽ (2017)[1]

Капитализация

$9,8 млрд (2023)[5]

Қызметкерлер саны

20 000 адам

Сайты

wildberries.ru

Wildberries (Уайлдберрис, Вайлдберрис; тура мағынасы «Жабайы жидектер») — киімдер, электроникалар, балалар тауарлары, үйге арналған және басқа тауарлар сататын халықаралық интернет-дүкен. Ресейде, АҚШ-та, Францияда, Италияда, Испанияда, Белоруссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Арменияда, Польшада, Словакияда, Германияда, Израильде, Молдавия және Түркияда жұмыс жасайды.

2024 жылғы маусымда компания Ресейдегі ең ірі жарнама операторы Russ-пен бірігетінін хабарлады. Біріккен заңды тұлғадағы Wildberries пен Russ-тың үлестері 65%-ға 35%-ды құрады.

Компания құру

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Түмендегі тапсырысты алып кету пункті

Интернет-дүкенді 2004 жылы ерлі-зайыпты Татьяна мен Владислав Бакальчуктар негізін қалаған.[6][7] 2000-шы жылдардың ортасында жобаға Сергей Ануфриев қосылып, Бакальчуктарға бұған дейін бірнеше көтерме сатып алушылар бас тартқан Adidas киімдерінің ірі партиясын сатып алуды ұсынды. Бір жылға жуық уақыт бойы Adidas өнімдері ассортименттің негізін құрады. Кейін компания өз ассортиментін ұлғайта отырып, әртүрлі заттарды жеткізе бастады.

2012 жылы БАҚ Ануфриевті Wildberries-тің тең иесі ретінде таныстырды. Ануфриев Wildberries-тің қауіпсіздік қызметін құрды, сонымен қатар серіктестермен күрделі келіссөздерге қатысты.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. 1 2 3 https://www.kartoteka.ru/card/613659d7ca69160470cbbcfc9b1e4eaa/
  2. ↑ «Оборот Wildberries в 2020 году вырос почти вдвое» (орыс.). Ведомости. (15 қаңтар 2021).
  3. ↑ Ритейлер Wildberries в 2022 году увеличил оборот на 98%, до 1,67 трлн рублей (орыс.). interfax.ru.
  4. ↑ «Вайлдберриз вдвое сократил годовую чистую прибыль» (орыс.). Интерфакс. (8 сәуір 2021).
  5. ↑ Лидеры рейтинга самых дорогих компаний Рунета — 2023 (орыс.) | Forbes.ru
  6. ↑ 20 самых дорогих компаний рунета — 2017 (орыс.). www.forbes.ru. Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 қазан 2021. Тексерілді, 15 қаңтар 2018.
  7. ↑ История бренда Wildberries | Деловая среда (орыс.). dasreda.ru. (24 сәуір 2023). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 сәуір 2024. Тексерілді, 9 сәуір 2024.
  8. ↑ Настоящая история Wildberries. Как Татьяна Бакальчук стала царицей e-commerce и кто ей в этом помог (орыс.). The Bell. (2 желтоқсан 2239). Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 қараша 2022. Тексерілді, 6 тамыз 2024.